Қызылордалық оқушы ұңғымаларды орналастырудың тың әдісін ойлап тапты
Бес ұңғымадан өндірілетін мұнай мен газ көлемін бір ұңғыма арқылы да шығаруға болады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Газ кеніштерінде неғұрлым ұңғымаларды аз орналастырсақ, соғұрлым экономикалық жағынан тиімді. Себебі әр ұңғыманы орналастыру үшін көп қаржы кетеді. Яғни осы модельді газ кеніштерінде қолданатын болса, экономикалық жағынан тиімді болады деп айта аламын», - дейді оқушы Жаңагүл Тынысбек.
«Бұрынғы алгоритмдер, соның ішінде шетелдік газ өндіру алгоритмдерімен таныстық. Біздің алгоритмнің ерекшелігі, бағалау коэффициенттеріне негізделді», - дейді жоба жетекшісі Сәндігүл Сүлейменова.