Үйіңізде газ бар ма? Ендеше оқыңыз!
Иіс тигеннен қалай сақтану керек? Уланудың негізді себебін білесіз бе? Газ иісін сезгенде не істеп, қайда хабарласу қажет? Жер үйде, пәтерде газды пайдаланғанда қандай техникалық қауіпсіздік шарасын сақтау керек?
Кім не нәрсеге жауап береді
Жер үйлердің немесе пәтердің ішіндегі газ жабдығының жұмысқа жарамдылығына жауапкершілік тұтынушының өзіне жүктеледі, деп жазады KTK.kz сайты.
Қызмет көрсету лицензиясы бар жеке компанияларға берілген. Оның қызметкерлері жоспарлы тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда жабдықты жөндеп, ауыстырады. Бұл қызмет – ақылы, бір тармаққа 80 теңге төленеді. Коммуналдық қызмет түбіртектерінде соған сәйкес жол: «ГЖТҚК – Газ жабдық.тех.қызмет көрсету».
Бұл соманы төлей отырып, үй иесі жылына бір рет плитаны, шлангты, құбырларды, қосылатын және ойылған жерін тегін тексертуіне болады. Дегенмен ақауы бар жабдықты ауыстыру қажет болса, оған қосымша ақы төлеу керек.
Көп қабатты ғимараттардың тұрғындары ГЖТҚК қызмет көрсететін компанияны мұқият таңдауы қажет. Өйткені кейде ПИК (КСК) шетелдік қызметтермен келісім жасайды. Бұл жағдайда жеке меншік иелері газ жабдығын ауыстырмақ түгілі, жоспарланған тексеруге қол жеткізе алмайды.
Қазір елімізде жеке секторлар мен көп қабатты үйлердегі газ жабдықтарын бақылайтын құрылымдық мемлекеттік бақылау жоқтың қасы. Кәсіби мамандар жетіспейді. Жағдайды жақсарту үшін әкімдіктер қызметкерлеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың мәртебесін беру жоспарлануда. Тиісті заң жобасы Парламент депутаттарының қарауында.
Ғимаратта, бөлмеде, үйдің кіре берісінде немесе көшеде газдың иісін сезсеңіз, не істеу керек
1. Газ жабдықтарыны бәрін өшіріп, бөлмені желдетіңіз.
2. Жақын жерде, маңайыңызда ешкім от, сіріңке жақпасын, өрт немесе электр жарығын қолданбасын (темекі шегуге тыйым салынады, ажыратқыштар мен тұрмыстық техниканы қолдануға тыйым салынады).
3. Газ иісі тарамаған, таза ауада тұрып 104 – жедел апат қызметіне хабарласыңыз.
Жер үйдегі газ
Жеке үйлерде, сондай-ақ саяжайларда, гараждарда иіс газынан улану оқиғасы жиі кездеседі. Енді біз пеш емес, газ қазандығының көмегімен және су жылытқыштарын пайдалануды қарастырамыз. Бірақ от жанатын газы бар пәтер тұрғындары, сондай-ақ жылу жүйесі тоқтатылған салқын маусымда жылыну үшін газ плитасын ұзақ қосатын пәтер тұрғындары да уланып жатады. Қауіптілік мынада: улы газ түссіз, иіссіз және оттегіні жояды.
Уланудың негізгі себептері:
- түтіндік, пеш мұржаларының дұрыс жұмыс істемеуі;
- жуынатын бөлмелерде газды су жылытқыштарын рұқсатсыз орнату.
Бір текше метр газдың жануы үшін 10 текше метр ауа қажет. Алайда шомылатын бөлмеде ондай жағдай жоқ. Газды су жылытқыш тек ас үйде және желдету арнасы, желдеткіш терезесі бар арнайы оттық бөлмеде ғана орнатылады.
Ауада небәрі 0,1% иіс газы шоғырланғанда адам бір сағаттан кейін есінен танады. Ал 0,5% иіс газы шоғырланғанда адам 20 минуттан соң уланып өледі, 1% -да бір минутта жан тапсырады.
Таза ауа. Желдету
Тұрмыстық газдың иісі болмайды. Біздің айтып үйреніп қалғанымыз, ол негізінде, көгілдір отынды ағып кетпеуге қолданатын түрлі иістендіргілер.. Мұнда да иісі сезілмейді.
Осындайда желдету жүйесі өте маңызды. Ешқашан, ешбір сылтаумен (жәндік кіріп кетпесін, сәнін бұзып тұр, ыңғайсыз, қолайсыз және т.б.) сорып шығару және желдету құбырларын бітеп жабушы болмаңдар!
2014 жылдан бастап оларды «ҚР газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес жеке компаниялар тексереді. Бұл қажеттілік қауіпсіздік мақсатында туындады, себебі көптеген тұрғындар үйін безендіру мақсатында желдеткіш тесіктерді жиһазбен, кафельмен, плиткамен, тұсқағаздармен жауып, бітеп тастайды.
Жеке компания қызметкерлері жылына бір рет үйлер мен пәтерлердегі желдеткіштің жай-күйін тексеруі керек. Тексеру 850-ден 1 000 теңгеге дейін. Оған қазыналық чек беріледі. Ауыстыру, тазалау, жабдық орнату - қосымша ақыға.
Тексеру жүргізетін адам шарт жасауға міндетті және өзімен бірге тексеру белгіленген акті болуы тиіс. Еш құжатсыз жұмыс бастауға қақысы жоқ. Құжатта жазылатын: аты-жөні, мерзімі, ұзакқтығы, тексеретін зат және тексеру түрі. Егер, кем дегенде бір нәрсе сәйкес келмесе, ол – заңсыздық.
Сондай-ақ!
ЖШС немесе ЖК мемлекеттік орган емес. Тексеруге мәжбүрлей алмайды. Сондықтан аталмыш қызметке рұқсаты бар кез келген басқа компанияның қызметін пайдалануға қақыңыз бар.
Газ баллондары
Газ баллонын сатып алғанда:
Баллондағы қосылып тұрған жері саңылаусыз, ауа кірмейтіндей болу керек;
Газ баллонын тек арныйы нүктелерден сатып алу керек;
Талоны немесе чегі бар болуы тиіс. Фирманың аты жазылған;
Баллон нөмірі жазылған;
Паспорттық тақтайшасы болуы тиіс;
Тексеру мерзімі өтіп кетпеген болуы тиіс;
«Пропан» деген жазуы міндетті түрде болуы керек;
Ескерту: кетік жері, жарығы, қампайған жерін көрсеңіз, түтік қақпағына зақым келген болса және сыртындағы бояуы 5% кетіп қалған болса – баллонды ауыстыруды талап етіңіз!
Үйде газды пайдалану ережесі - Газ құрылғыларының қалыпты және дұрыс жұмыс істеуін бақылаңыз. Түтін мұржаларын және желдетуді тексеру үшін тек мамандандырылған ұйымды шақырыңыз.
- Газ пешін қолданар алдында, сорғышты реттейтін жапқыштың толық ташылатынын тексеріп, мезгіл-мезгіл мұржаның қалтасын (саңылау тесіктерін) тазалап тұру керек.
- Егер үйден ұзақ уақытқа кететін болсаңыз, газ құрылғысындағы барлық шүмекті жабыңыз. Баллон пайдалансаңыз, тамақ істеп болған сайын түтігін жабыңыз.
- Газ құбырлары мен жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін газбен жұмыс істейтін қызметкерлерді үйге кіргізіңіз, тек кіргізерден бұрын қызметтік куәліктерін қарап алдыңыз.
- Егер үйден бір айдан астам уақытқа кететін болсаңыз, газ шаруашылығы мекемесіне хабарлауды ұмытпаңыз.
- Газ жабдығын тек білікті мамандар ғана орнатып, жөндеу керек. Газдандыру кезде есіңізде болсын:
- автоматты қауіпсіз жабдықталған құрылғыны пайдаланыңыз (оттық алауы өшіп кеткен кезде және газдың күші болмаған кезде газды өшіруді қамтамасыз етеді);
- газдың шығып кету сигнал бергішін орнатыңыз.
Газ құрылғысының орнын ауыстырғанда, қосымша нүкте орнатарда қызмет көрсететін компаниямен ақылдасып, солардың рұқсатымен орнатыңыз.
104 қызметі төтенше жағдайда әрекет етумен айналысады. Оны газ шығып жатқанда және демалыс күндері сізге қызмет ететін компания жұмыс істемеген кезде шақырасыз.
- үйді өз еркіңізбен газдандыруға, газды ауыстырып, орнынан қозғауға және кез келген газ құрылғысын жөндеуге;
- тиісті қызметтің рұқсатынсыз газ жабдықтың орнын ауыстыруға, үйді қайта салғанда орнынан қозғауға;
- газ құрылғылары, түтін және желдету арналарын өздігімен жобалауға;
- қолданыстағы қауіпсіздікті автоматтандыруды өшіруге;
- жабдығы бұзылған кезде газды пайдалануға;
- жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз тастауға және оларды балаларға беруге;
- үйді жылыту үшін газ плитасын пайдалануға;
- газ құрылғылары орнатылған бөлмелерде ұйықтауға;
- газдың ағып кетуін анықтау үшін отын жағуға;
Жоғарыда жазылған қауіпсіздік ережелерін орындап, аман-сау жүріңіз деп тілейміз.