Димаштың америкалық шоудағы мәлімдемесі төрешілерді есеңгіретіп қойды
Димаш Құдайберген The World's Best шоуында ел күтпеген мәлімдеме жасайды. 13 наурыз күні отандасымыз жобаның финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Кештің үзінді видеолары желіде жарияланды, деп жазады Stan.kz.
Онда шоу жүргізушісі Джеймс Корден Димашқа: "Маған бірдеңе айтқың келетінін естідім", - дейді.
Димаштың қандай жауап бергені әзірге беймәлім. Алайда желі қолданушылары Құдайбергенов жобада балаларға бәсекелес болудан бас тартқан болуы мүмкін деп болжауда.
Төрешілердің бірі Ру Пол: "Қандай қадамға барғаныңды білесің", - деп қана пікір білдірді.
Айта кетейік, The World's Best шоуының финалдық кезеңі 13 наурыз күні өтеді. Қазақстандық фанаттар жобаны Астана уақытымен 14 наурыз күні таңертең тамашалай алады.