Қызылордада полицей қыз-келіншектер марапатталды
Қызылорда облысы Полиция департаментінде Халықаралық әйелдер күніне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұргымбаевтың құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатқа ие болды.
Атап айтқанда, полиция подполковнигі Зулфия Айдарова «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Құрмет грамотасы» полиция майоры Лаура Атановаға табысталды.
Жалпы айтулы күнге орай, департаменттің 30 зейнеткері және жүзден аса қызметкерлері марапатталды.