Мерекеде марапатталды
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты шара өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Мерекелік жиынға Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагер апалар шақырылды.
Шарада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет полковнигі Азамат Базылбековтың құттықтау хаты оқылды. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы нәзікжандарды мерекемен құттықтап, отбастарына амандық, шаңырақтары береке-бірлік тіледі.
Шара барысында ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының бұйрығымен үлгілі қызметі үшін «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚАЖД штаб тобының бас маманы әділет капитаны Э.Даутбаева, «Грамотамен» ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет лейтенанты Н.Алыбаева және медициналық қамтамасыз ету тобының маманы С.Кенжеғұлова «Алғыс хатпен» марапатталды.