Баян Алагөзова: Генетикалық қателік болып, Тұрсынбек тумағанда әлем қызықсыз болар еді
Баян Алагөзова Тұрсынбек Қабатовты мақтап, онсыз әлемнің қызықсыз екенін атады. Тұңғышы Айсәуленің ұзату тойын қызықты етіп өткізгеніне алғыс айтты.
Продюсер Тұрсынбексіз әлемнің қызықсыз екенін атады.
"Егер 80-жылдары генетикалық қателік болып, Тұрсынбек өмірге келмегенде әлем көңілсіз және қызықсыз болар еді. Ол өзімен бірге қуаныш, бақыт, күлкі мен шын әзіл әкелді. Ұзату тойды Тұрсынбекпен бірге өткізіп, оның демалған ауасымен тыныстап біздің жолымыз болды.Ұмытылмас кеш болды", - деді продюсер парақшасында.
Алагөзова Тұрсынбекке тойды жоғары деңгейде өткізгеніне дән риза.
Айта кетейік, 2 наурыз күні Айсәуле Бақытбектің Ұзату тойы өтіп, өнердегі барлық жұлдыздар қонақ болды.