Майкл Джексонға қатты ұқсағысы келген жігіт 30 мың долларын сарп еткен
Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласының тұрғыны Лео Бланко бала кезінен Майкл Джексонға ұқсауды армандаған. Осы мақсатына жету үшін жігіт 30 мың долларын сарп еткен деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kzKAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Поп-музыканың патшасына ұқсау үшін Лео 15 жасынан бастап косметикалық процедуралардың көмегіне жүгіне бастаған. Одан кейін ол пластикалық ота жасатуға кіріскен. Қазір Лео жалпы 11 ота жасатқан. Дегенмен жігіттің нәтижелерге көңілі толар емес.
Майкл Джексоннан айнымайтын сыңары болу үшін ол бар ақшасын беріп, тәнін танымастай өзгертуге әзір.
Леоның анасы оның бұл құлшынысын құптамайды. Себебі ұлы кезекті ота кезінде жан тапсыра ма деп қорқады екен.