Қағаз жасау қайдан шыққан?
Адамдар қазір біз жазып, сурет салып жүрген қағаз табылғанша қаншама нәрсенің бетін шимайлады десеңізші. Ежелгі мысырлықтар мен индустар құрма ағашының жапырағына жазыпты.
Вавилондықтар мен ассириялықтар қын тақтайшаларға ұшы біздей істік таяқшалармен таңбалар салып, артынан отқа өртеп, күйдіріпті.Ондай қыш тақтайшалар қыш қораптарға салынып сақталыпты. Кейбір елдердің жазуы таңбалардан емес, суреттерден тұрады. Ондай жазулар күні кешеге дейін өмір сүріп келген. Мәселен, 1849 жылы АҚШ президенті сондай суретпен жа¬зылған хат алып, көпке дейін оқытатын кісі таба алмаған. Сөйтсе, ол үндіс тайпасының қарағайдың қабығын сыдырып, соған жазған арызы екен.
Алғаш рет қағаз жасаудың қайдан шыққаны әлі күнге дейін даулы, бірақ оны біздің дәуіріміздің ІІ ғасырында қытайлар ойлап тапты деген пікірге көбірек ден қойылады. Онда алғаш рет әбден мұқияттап жыртылған мата тінінен тезге басып қағаз жасау әдісі меңгерілген.
Арада бірнеше ғасыр өткен соң Еуропа елдері де қағаз жасау құпиясын біліп алады. Өзендердің жағасына ұн тартатын диірмендер секілді қағаз диірмендері салынды. Ресейде алғашқы қағаз фабрикасы 1564 жылы Мәскеу түбінде салынды.