Қызылорда қаласында 9 мыңнан астам азамат партия қатарында
"Нұр Отан" партиясының Қызылорда қалалық филиалының Төрағасы Нұрлыбек Нәлібаев еліміздегі ең ірі саяси ұйымның қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партия билетін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл өткен сайын "Нұр Отан" партиясының жақтастары көбейіп, еліміздің жетекші партиясына деген сенім нығайып келеді. Қазіргі кезде республика көлемінде "Нұр Отан" партиясының миллионнан астам мүшесі бар.
Осы сәтте аймағымыздың әкімшілік және рухани орталығы Қызылорда қаласының өзінде 9 мыңнан астам азамат партия қатарында.
Шаһар басшысы партия қатарына қосылған барша әріптестеріне сәттілік тілеп, "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығымен құттықтады.