Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 10 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Күтпеген жерден терең ойға түсіп, қайсыбір істі болмасын терең ойлауға тырысасыз. Ойлау қабілетіңізде жақсы жұмыс жасайды. Бүгін сіздің күш-қуатыңыз тасып тұрады.
Торпақ
Шығармашылық бағыттағы жандар үшін ең сәтті күн. Бүгін олар таңғажайып туындылар жасап, көпшілікті таңқалдырады. Осы күні ықпалы жоғары әйел адамның көмегіне жүгіне аласыз. Тапқан табысыңызды өзіңізге көмек көрсеткен жанмен бөлісу қажет.
Егіздер
Айналаңыздағыларға алданып қалудан сақ болыңыз. Әсіресе, ақшаға мығым болыңыз. Сондай-ақ ұры-қарылардан да сақтанып жүргеніңіз дұрыс. Сонымен қатар ас ішкенде де, абайлағаныңыз жөн.
Шаян
Өте сәтті күн. Сондықтан бүгін көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Кез келген тапсырманы алып, маңызды адамдармен кездесуге баруға болады. Қаржылық табысқа қатысты жоспарлар құрып, мәселені біржақты етуге қолайлы күн.
Арыстан
Маңызды жоспарларды жүзеге асыратын күн. Баспанаға қаражат жинауды бастаңыз. Сіздің армандарыңыз орындалады. Жоспарлардың орындалуы, жаңашылдыққа қадам басу және бүгінгі күнгі жетістіктеріңізді атап өтуге тұрарлық.
Бикеш
Жылжымайтын мүлік немесе автокөлік сатып алуды ойлап жүрсеңіз, сол ойыңызды бүгін жүзеге асырасыз. Қаржылық мәселелермен айналысқанда абай болыңыз. Есеп шотыңызды үнемі тексеріп отырыңыз.
Таразы
Бүгін сізге көңілсіз, әрі бір орында тұрып қалуға болмайды. Керісінше, бүгінгі күн алыс сапарға шығуға қолайлы күн. Егер оған мүмкіндік болмаса, алыс сапарды жоспарлауға да болады.
Сарышаян
Балаларыңыздың тәрбиесімен айналысыңыз немесе жас әріптестеріңізге білгеніңізді үйретіңіз. Жастарға білгеніңізді үйрете жүріп, өзіңіз де біраз ақпаратқа қанық болсасыз. Бойыңыздағы күш-жігеріңізді отбасыңызға арнаңыз, бұл күні жұмысқа алаңдамаңыз.
Мерген
Сіз бүгін көпшіліктің тілін тауып, біраз адамдармен әңгіме-дүкен құрасыз. Бүгінгі күн достарыңызбен бас қосып, мерекелік кештер ұйымдастыруға қолайлы күн. Өткен мәселелерді еске алмай, күнді қызықты өткізіңіз.
Тауешкі
Бүгінгі күн сіз үшін керемет өтеді. Серігіңіздің сізге деген сезімі артады. Сезімге ерік беріңіз, алайда ақымақтық жасаудан сақтаныңыз. Қызғаншақтықтан бойды аулақ ұстаңыз және өзіңізді де қызғандыруға жол бермеңіз.
Суқұйғыш
Жаңа жобаны қолға алып, ірі кәсіпті бастаңыз. Барлық бастамалар табысты болып, алайда сол үшін біраз күш жұмсайтыныңыз анық. Бірақ оның барлығы жұмысқа деген қызығушылығыңыздың арқасында ұмытылып кетеді. Бүгін өзіңіздің сырт келбетіңізге мән беріп, сұлулық салонына барыңыз.
Балықтар
Күніңіз тыныш өтеді. Бұл күнді дастархан басында жақындарыңызбен, достарыңызбен өткізген дұрыс. Тыныштықта отырып, олармен әңгімелесу сізге қуаныш сыйлайтын болады. Бүгін қыдыру, көшеде серуендеуді жоспарламаған дұрыс.