7 наурызда жел күшейіп, көктайғақ болады
7 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, солтүстік өңірлерде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с.
Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында, түнде Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман түседі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.