Қызмет этикасын сақтау маңызды
Қазіргі уақыт жағдайында мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне үлкен көңіл бөлінеді.

Сондықтан мемлекеттік қызметшіге өз міндеттерін табысты орындау үшін кәсіби қызметте қажетті негізгі қасиеттердің бірі әдеп болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл мына шараларға негізделген:
-мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын ілгерілету (мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары);
-қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;
-Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру, оның қызмет тиімділігін арттыру.
Әдеп жөніндегі уәкіл жүктелген функциялар шеңберінде жеке кеңестер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізеді, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді қабылдау жүргізеді, азаматтық қоғам институттарымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара жұмыс жасайды, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарына орналасу үшін конкурстық комиссияның құрамына қатысады және т. б.
Мемлекеттік қызметшілер арасында Мемлекеттік қызмет туралы заңнама, Әдептілік кодекс талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бойынша шаралар аясында мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің Әдеп және мінез-құлық нормалары» талқыланып, қалта кітапшасын тапсыру рәсімі өткізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымдағы оң ахуалды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 2 мемлекеттік қызметші алғыс хаттармен марапатталды.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2019 жылдың басында анонимді сауалнама жүргізіп, жалпы моральдық жағдайдың қалыпты екені анықталды.
Департаментте мемлекеттік қызметшілер үшін тимбилдинг ұйымдастырылып, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалдың нығаюына, ұжымның бірігуіне, кәсіби рухтың көтерілуіне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға ықпалын тигізді.
2018 жылы Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары жөнінде», «Әдептілік жөнінде және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын түсіндіру» туралы 6 құқықтық оқытулар жүргізілді.
2018 жылы Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жеке қабылдауымда 8 қызметкер болып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға, әдеп нормаларына түсіндірме сұрады. Бұдан басқа, 2 ауылдық округінің тұрғындарымен әдеп және жемқорлықтың алдын-алу шаралары туралы кездесіп, жеке қабылдау өткізілді. Атқарылып жатқан шаралар жыл ішінде 7 баспа беттерінде жарияланды.
Сонымен қатар, қызметшілердің әдеп кодексі талаптарының сақталуына ай сайын ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының мәліметі бойынша және әлеуметтік желілерге талдау жүргізіліп тұрады. Департамент қызметкерлерінің жұмысына не болмаса жалпы департамент жұмысына наразылықтарын айту үшін баршаға көрінетін жерге уәкілдің суретімен ол туралы толық ақпарат орналастырылды. Одан бөлек, артық жұмыс істеу фактілерін алдын алу мақсатында жұмыс аяғында профилактикалық шаралар жүргізілді.
Г.Маханов,
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі