9 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер
1918 жылы Ресей астанасы Петербордан Мәскеуге көшірілді.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз резиденциясында Венгрияның Премьер-министрі Дьюлу Хорнды қабылдады.
2006 жылы Өскеменнің оңтүстік жағынан жаңа автовокзал салынды. Бұл - облыстың түпкіріне-түпкіріне сапарға аттанатындар үшін қаладағы үшінші автовокзал. Шығыс Қазақстан аймағында автобустар қатынасы 63 бағытта үзіліссіз қатынайды. Жаңа автовокзалдың ашылуы сервистік қызметтің кеңейтіле түсуіне және жолаушыларға барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
2010 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Полихим өнімдері» компаниясы» ЖШС полиэтилен құбырларын шығарды. Құбыр өнімінің басты жетістігі оның экологиялық тазалығы десек, төзімділігі, жеңілдігі, сондай-ақ қолданысқа икемділігі бағасын арттырып тұр. «Полихим өнімдері» компаниясы» ЖШС шығаратын құбырлар негізінен «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының уран өндірісіне пайдаланылады. Уран металы жинақталатын шикізат жер астынан 600-700 метр тереңдіктен сілті қышқылының ерітіндісін жіберу арқылы алынатындығын ескерсек, оған деген төзімділік сапасына айрықша мән беріледі. «Кең-Дала KZ», «Бәйкен-U», «Аппақ», «Семізбай», «Қаратау» ЖШС аталмыш кәсіпорынның сенімді серіктестіктеріне айналды. Кәсіпорын Германияның белгілі «Краусс Мафай» компаниясының тәсілін қолданады. Өндіріс цехы үш тарапты жаңа технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
2012 жылы Түркияда Қазақстанның мәдениеті күндері өтті. Оны Ыстамбұлдағы қазақ-түрік қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырды.