8 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
Халықаралық әйелдер күні
Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К. Цеткиннің ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.
1920 жылы Сирия мемлекеті Түркиядан тәуелсіздігін алды. Мемлекет басшысы болып әмір Фейсал сайланды.
1965 жылы Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз демалыс күні болып жарияланды.
1958 жылы 8 наурызда Қазақстан Республикасы Телерадиокешенінің дәуірі басталды. Осы күні Алматы студиясында алғашқы хабар эфирге шықты. Көп кешікпей студия ұдайы, апталық бес сағаттық хабар таратуға көшті. Одан кейінгі жылдары республиканың басқа да қалаларына, бүкіл Қазақстанға хабар таратыла бастады. Баспасөз бен киноның бай тәжірибесіне сүйене отырып, телеөнерге тән бірегей сапаны иелене отырып, теледидар әр үйге сеніммен кіріп, отбасының бір мүшесіне айналды. 60-шы жылдары негізінен футбол матчтарынан, концерттерден, мерекелік шерулерден тікелей хабарлар берілді. Қазақ телевизиясының бастауында көрнекті инженер Виктор Тюленев, Гүлжан Балпанбаева, радиотелеорталығының алғашқы директоры Рамазан Файзуллин және басқалары тұрды.
2008 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімінің ресми сайты жұмыс істей бастады. Сайтты пайдаланушы lebyazhye.pavlodar.gov.kz адресін аша отырып, ауданның тарихымен таныса алады, ауыл округтері, әкім аппаратының басшылары мен халықты қабылдау кестесі жайында ақпарат алуға болады. Онда сауал қою беті де бар. Тұрақты жаңартылып отыратын жаңалықтар беті Лебяжі ауданындағы оқиғалар жайында баяндайды.
2009 жылы Бейжіңде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілінде арабтың өрме жазуымен басылған «Еуразия жүрегінде» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
2013 жылы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында Астанада «Шахмат әлемі» көрмесі ашылды.