Қызылордада 25 жастағы жігіт прокурор болып қызмет істейді
Қызылордалық 25 жастағы Мағжан Қуанбайұлы қазіргі таңда Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры лауазымында қызмет атқаруда, деп жазады oldkaz.kyzylorda-news.kz.

Ең құрметті кәсіп саналатын Отан қорғаушылардың арасында да жас та болса өз ісіне мығым, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болуды үлкен абырой санайтын әскери қызметшілер қатарында зор мақтанышпен атауға болады.
Соның бірі ел сенімін артқан ерлерге қарап бой түзеген Мағжан Қуанбайұлы. Алматы облысы Кеген ауылының тұрғындары Қуанбай Тілепбергенов пен Жанна Әуелбековалардың отбасында 1994 жылы 12 мамырда Мағжан дүниеге келген.
Мағжанның білімге құштарлығының арқасында мектепте үздік оқушы, спорттың бокс, жүзу, таэквандо түрлерінен бірінші орындардың иегері атанған. Б.Момышұлының қанатты сөздері мен ағаларының әскери формаларына деген қызығушылығы оны әскери өмірге алып келеді.
Ол 2009 жылы Алматы қаласы Б.Момышұлы атындағы «Жасұлан» республикалық әскери мектебіне оқуға түседі. Әскери мектепте оқып жүргенде Мағжанның ҚР Қарулы Күштеріндегі қызметтен бөлек, әскери прокурор болуға ынталанып, алға қойған мақсаты өзгереді. Оған әскери прокурордың жас өрендерге оқыған дәрісі әсер етеді.


Мағжанның болашақтағы арманы – үлгілі отбасын құру.