Ұлы Отан соғысының нәзікжанды тыл еңбеккерлерін құттықтады
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері мен еңбек сіңірген азаматтық қорғау ардагерлерін Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Департамент қызметкерлері ардагер М.Платонова мен Г.Родичтің үйіне барып, оларға сый-сияпат жасады. Сонымен қатар оларға жылы лебіздерін білдіріп, зор денсаулық тіледі. Ардагерлер өз кезегінде естеліктерімен бөлісіп, қызметкерлерге алғыстарын жаудырды.