6 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады
6 наурызда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, солтүстік өңірлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде бұрқасын болады жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с жетуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы - 15 м/с.
Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі, Жамбыл облысында көктайғақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, түнде жел 15-20 м/с күтіледі.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.