ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2014 жылдың қорытындысы және өткен жылы қаралған, қоғамдық пікір туғызған істер жөнінде БАҚ өкідеріне баспасөз конференциясын өткізді.
2014 жылдың 1 қантарына 2013 жылдан 1 іс аяқталмай, қалдықта қалған болатын, 2014 жылдың 12 айы ішінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 38 қылмыстық іс түскен. Салыстыру үшін, 2013 жылдың осы кезеңі ішінде 37 іс түсті. Осылайша, түскен қылмыстық істердің саны 1 іске көбейген.
2014 жылы сот өндірісіне түскен істердің санаттары мынадай:
- ҚК-нің 96-бабымен (адамды қасақана өлтіру) - 20 іс (51,2%), соның ішінде ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігімен - 10 іс (2013 ж.-24 іс);
- ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігімен (өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға қатысты қылмыстар) - 7 іс (17,9%) (2013 ж.-6 іс);
- ҚК-нің 120-бабының 3,4-бөліктерімен (көрінеу он төрт жасқа толмаған адамды зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасау) - 8 іс (20,5%) (2013 ж.-5 іс);
- ҚК-нің 121-бабының 4 бөлігімен (нәсіпқұмарлық сипатындағы күш қолдану) (7,6%) – 3 іс.
- ҚК-нің 235-бабының 3-бөлігімен (қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) не ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкілдерінің бірлестігіне қатысу) (2,56%) – 1 іс.
2013 жылы 44 қылмыстық істі жүргізу аяқталған болса, 2014 жылдың 12 айы ішінде 34 қылмыстық істі жүргізу аяқталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 іске азайған.
33 іс үкім шығарылып қаралды, 2013 жылдың осы кезеңінде 43 іс үкім шығарылып қаралған болатын. Яғни, үкім шығарылып қаралған істердің саны 10 іске азайған.
Көрсетілген мерзім ішінде 65 адам сотталды (2013 ж. - 62 адам сотталды).
Есептік мерзімнің соңында 5 іс қалдыққа қалды (2013 ж.-1).
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 1 іс қаралды (2013 ж.-1).
Көрсетілген мерзім ішінде істердің қаралу мерзімі бұзылмаған.
Тергеу әрекеттері жүргізілу кезінде орын алған кемшіліктер туралы 4 жеке қаулы қабылданды.
Қаралған істердің 50 пайызына апелляциялық шағымдар түсіп жоғары тұрған соттарда қаралды. Қабылданған үкімдер бұзылған жоқ, 4 іс бойынша үкімдер өзгертілді.
Судьялар мен сот қызметкерлерінің әрекеттеріне арыз-шағым түспеген.
Соңғы екі жылда түскен істердің санына қарағанда аса ауыр қылмыстардың азайғаны байқалады.
Өткен жылы қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтанда, алқабилердің қатысуымен қаралған «Гелиос» май құю бекетіне шабуыл жасалып адам өлтірген жөніндегі іс бойынша; бұрыңғы полиция қызметкері өзінің қарамағындағы адамды өлтірген жөнінде; Байқоңыр қаласында валюта айырбастауымен айналысатын адамды аса қатыгездікпен өлтірген; бұрыңғы полиция қызметкері таныс қызды өлтіріп, сұға лақтырып жіберген; екінші деңгейдегі банкілердің біреуінде құрылған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттері туралы судья А.Сабыров БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі