Сырбойылық кәсіпкер аз қамтылған отбасыларды тегін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді
Қармақшылық жас кәсіпкер өз ауылындағы аз қамтылған отбасыларды тегін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Жобамда ауылда жүрген жұмыссыз жас жігіттерді қасыма тартып, олар да 40 мың теңге шәкіртақысын алды. Ендігі мақсатым – Жастар жылына берілетін 3 млн теңге грантты алып, үлкен дәрежеде кәсіпкер болу», - дейді Дүр Оңғар ауылының тұрғыны Данияр Шаянбеков.
«Жас проджект» жобасы бойынша Қармақшы ауданында 30-дан аса жоба ұсынылып, оның ішінде 13 жоба жеңімпаз атанды. 13 жоба бойынша 39 ауданымыздың жұмыссыз жастары әлеуметтік кәсіпкер болып, ауданға 13 млн теңге инвестициядан бөлек, қазіргі таңда өзге де бизнес несиелер мен бизнес гранттарға қарай оқыту курстарын жалғастырып жатырмыз», - дейді Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ибраһим.
