БІЛІМПАЗ ОҚУШЫЛАР ӨНЕРДЕН ДЕ ҚҰР АЛАҚАН ЕМЕС
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Гүлзира Мәткәрім «Жаңа әлемдегі Қазақстан» атты республикалық сурет байқауында Гран-при иегері атанды. Бұл туралы НЗМ баспасөз хатшысы Елена рыбина хабарлады.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанынан ашылған қолөнер үйірмесі жас жеткіншектерді киіз басу, ши тоқу секілді қазақ халқының өнерімен сусындандырып, қойдың күзем жүнінен керемет дүниелерді жасауға үйретеді.
Гүлзира Мәткәрім ғылымға қызығып, химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне осыдан бір жыл бұрын келіп түсті. Үздіксіз білім алып, үш тілді меңгеруден жалықпайтын білімпаз бойжеткен шығармашылық үйірмелерге де қатысуға ерекше қызығушылық танытқан. Бүгінде мектеп жанынан ашылған қолөнер үйірмесінің белсенді мүшесі. Киіз басу әдісі бойынша дайындаған паннолары жақында өткен республикалық бәйгеде топ жарып, 15 Назарбаев Зияткерлік мектептері арасынан гран-при иегері атанды.
«Бұл өнер мені ерекше қызықтырады. Себебі киіз басу әдісі адамның бойына ерекше әсер қалдырады. Әдемі паннолар, басқа да бұйымдарды әзірлеу барысында осыншама керемет дүниелер біздің қолымыздан шыққанына өзіміз тан қаламыз», -дейді Гүлзира Мәткәрім.
Айта кетейік, болашақ ғалымдарды дайындайтын Назарбаев Зияткерлік мектебінде бүгінде барлығы 40-қа жуық қосымша үйірмелер жұмыс істейді. Көркемдік, әдеби клубтармен қатар фото және телестудиялардың оқушылар үшін әрдайым есіктері айқара ашық. Әрқайсының өз білікті мамандары дәріс береді. Отандық ұстаздармен қатар шетелдік мамандар да балалардың шығармашылығын арттыруға өз септігін тигізуде. Сонымен қатар мұндай үйірмелер оқушылардың болашаққа деген бағыт - бағдарын айқындайтыны анық.
Шынар БЕКБАН