Қызылорда облысы нысандарға Алаш арыстарының есімдерін беру бастамасын қолдады
Азат Перуашевтің еліміздегі нысандарға Алаш қайраткерлерінің атын беру туралы ұсынысына Қызылорда облысы жауап берді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Қазақ үні» порталына сілтеме жасап.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев еліміздің қалалар мен елді мекендеріндегі көше, мекеме атауларына 750-ге жуық Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынған болатын.
Бұл жөнінде облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің атына тиісті хат жолданған еді.
Міне, алғашқы болып бұл ұсынысқа Қызылорда облысының әкімдігі жауап қатты.
Хатта Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемов алдағы уақытта өңірдегі нысандар мен көшелерге Алаш арыстарының есімдерін беру туралы ұсынысты басты назарға алынатынын жеткізген.