13 жасында күйеуге шығып, 12 бала дүниеге әкелген ана үйлі болды
Шымкентте 13 жасында тұрмысқа шығып, 12 баланы дүниеге әкелген жас келіншек баспаналы болды деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан 34 жастағы Айсұлу Жәлелқызының жанайқайына қазақстандықтар бей-жай қарай алмаған.
Алтын құрсақты ана туралы ақпарат шыққан соң қайырымды жандар жиналып, «Қарекет» қайырымдылық қорының мұрындық болуымен көпбалалы отбасы бес бөлмелі баспанаға ие болды.
Бұл қуанышты хабарды келіншектің өзі отандық «Шаңырақ» бағдарламасы кезінде бір-ақ біліпті. Көпшілікке мұңын шағып, «Бар арманым баспаналы болу» деген келіншектің аналық тілегі осылайша қабыл болып отыр.
Осы ретте шымкенттік тұрғын қол ұшын созған қазақстандықтарға алғысын жаудырды.