5 наурызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, солтүстік өңірлердің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында желдің 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшеюі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін, түнде Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м /с болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.