Кәсіпкерлікі дамытудағы заңнамалық өзгерістер және оны іске асырудағы тіркеуші органның рөлі
Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсарту үшін халықаралық рейтингтер аясында жүргізілген реформалардың мәні айтарлықтай жоғары. Әртүрлі рейтингтер нәтижесі міндеттер мен проблемаларды классификациялауға, идентификациялауға, оларды мемлекет пен экономиканы тиімді стратегиялық басқару үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін негізгі бағалау Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі нәтижесіне сүйенеді.
Бұны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалдама жүргізу нәтижесі бойынша есептеледі.
Осылайша ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау көбіне бизнес-қоғамдастық өкілдері пікіріне тәуелді және еліміздің орта және ұзақ мерзімді келешегінің бәсекеге қабілетті өсуі мен дамуы үрдісін көрсетеді.
Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі үйлестірушісі ретінде бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі көрсеткішін жақсарту бойынша шаралар жоспарын әзірледі.
Осы шаралар жоспарындағы көрсеткіштерге жауапкершілік мемлекеттік органдар қатарына, Әділет министрлігі құзыретіне сәйкес бекітілген.
Мұндай жұмыстарды жүргізудің басты себебі – жария-құқықтық қатынастарда заңды тең құқықты емес тараптар қатысатындығына байланысты.
Күн сайын азаматтар және бизнес өкілдері киыншылықтарымен, даулы мәселелерді реттеу мен әкімшілік реттеуді дауласуда белгілі бір проблемалармен кездесіп жататындығы құпия емес.
Әділет министрлігі тарапынан басқа мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылардың, ғалымдардың қатысуымен жаңа редакциядағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Арбитраж туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне» өзгерістер енгізу туралы» заң жобаларын әзірленді.
Осы заң жобалары мемлекеттік реттеуді азайту бағытында жүргізілген елеулі реформалар болып танылады.
Мәселен: 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі заңды күшіне енді.
Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Алдында, кәсіпкерлікті реттейтін көптеген нормативтік-құқықтық актілер болатын. Бүгінді таңда, оның барлығы бір акт - Кәсіпкерлік Кодексімен реттеледі, оның негізгі бағыты - кәсіпкерліктің дамуына құқықтық жағдай жасау болып табылады.
2017 жылдың 27 ақпан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. (қолданысқа 01.01.2018 ж. бастап енгізіледі).
Осы заңның аясында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңының (әрі қарай Заң) 6 - бабына келесі түзетулер еңгізілді.
"Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі."
Бұл түзетулер негізінде заңды тұлғаны тіркеу барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері автоматтандырылған түрінде банктен есеп шотын ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға кол жеткізуі.
Ал, Заңың 12- бабына келісі редакцияда белгіленген:
- "Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі.";- деген түзетулер еңгізілді.
Сонымен қатар, бүгінгі танда кәсіпкерлер өз бизнесін «Электрондық үкіметтің» веб-порталында онлайн режимде мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден, таратылуын тіркеуден өткізуге мүмкіндігі бар.
Яғни кәсіпкерлер өз бизнесін 1 жұмыс күн ішінде қайта тіркеуден, ал оны құру жұмыстарын 1 сағат ішінде қол жеткізеді.
Сонымен қатар, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 5 жұмыс күн ішінде заңды тұлғаның таратылуын тіркеу мүкіншілігі де қарастырылды.
Осы электрондық қызметтін ерекшелігі, заңды тұлғаның өкілі интернет желісіне қосылған компьютер арқылы электрондық қолтанбасымен өз уақытын үнемдеп, бизнесін қысқа мерзімде тіркеуі.
Е.Тажикенов,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің
Заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстарын ұйымдастру
бөлімінің басшысы