Ерлан Сағадиев "елден кетпек"
ҚР Білім және ғылым экс-министрі Ерлан Сағадиев шетелге оқуға кетпек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 21 ақпанында Елбасы ҚР Үкіметін отставкаға жіберген болатын. Кейіннен ҚР Білім және ғылым министрі қызметіне Күләш Шәмшадинова тағайындалған.
Оған дейін бұл қызметте отырған Сағадиевтің кезінде білім саласында біршама өзгерістер болып, сондай-ақ көптеген даулы мәселелер де туындаған еді. Мектепте оқу 12 жылға ұзартылып, үш тілде оқу жүйесі мен kundelik.kz атты электронды күнделік іске қосылды.