Үш жасар баланы құтқарған тәртіп сақшыларына алғыс білдірілді
Қызылордада көпқабатты үйдің терезесі алдында тұрған үш жасар баланы құтқарып қалған учаскелік полиция инспекторыларына алғыс білдірілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл уақытта полиция майоры Бауыржан Алдаберген баланың ата-анасын анықтауға кіріскен. Анықталғандай баланың анасы жұмыста болса, әкесі есік алдындағы дүкенге шығып кеткен.
Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жолында ерекше жауапкершілік танытқан тәртіп сақшыларын «1 наурыз - Алғыс айту күні» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов қабылдады.
«Учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылының арқасында үш жастағы сәби құтқарылды. Алғыс айту күні өздерінің қызметтеріне жауапкерлікпен қараған осы қызметкерлерге алғыс білдіруді жөн санадым. Тәртіп сақшыларының іс-әрекеті басқаларға үлгі болары сөзсіз», - деді департамент басшысы.