Аралда қайырымдылық шарасы өтуде
Арал ауданында «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Аудандық мекеме басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер мен тұрғындар көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созу мақсатында Орталық мешітке жиналды.
Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, сауабы мол игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық шарасына өз үлесін қосамын деген азаматтар үшін арнайы жәшік Орталық мешіт ауласында кешкі уақытқа дейін қойылады.