Ауа райы: Дүйсенбіде Қазақстанда боран, тұман, көктайғақ күтіледі
4 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қостанай облысында кей жерлерде жел 23 м/с күшейеді. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.