ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Жуырда Қызылорда қалалық сотының мәжіліс залында баспасөз конференциясы өтті. Шарада 2014 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша баяндамалар оқылды.
Баспасөз конференциясын қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі судьялары Н.Төлеш және К.Садуақасова жүргізіп, баспасөз хатшысы М.Асанова, қала прокурорының аға көмекшісі Г.Утеев, «Қоғам ТВ» телеарнасының журналистері, қала әкімдігінің өкілі Б.Омаров, «БанкЦентрКредит» АҚ-ның өкілі Н.Қуандықұлы қатысты.
Қалалық соттың судьялары Н.Төлеш пен К.Садуақасова сот судьяларының азаматтық істерді «Сот медиациямен» қарап, бітімге келіп жатқанын және істердің аудио-бейне қондырғылармен жүргізілетінін атап айтты.
Есептік кезеңде қалалық соттың өндірісіне 10917 талап арыз (арыз,шағым) түскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда арыздар 2016-ға өскен. Ал, электронды түрде барлығы 753 талап арыз түскені айтылды. Конференция соңында судьялар тілшілердің қойылған сауалына жауап берді.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі