Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 4 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Жоспарлаған ойларыңыздың барлығы жүзеге асады. Нақты шешім қабылдай білу, мақсатқа жетуге деген күш-жігер жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Түсіңізде көргендеріңіз көп уақыт өтпей орындалады.
Торпақ
Жұмысыңызда белсенділік танытыңыз. Соңғы уақытта қолға алған істеріңіздің барлығы оң нәтижесін береді. Сіз бүгіннен бастап жаңа үй алуға ақша жинай бастайсыз.
Егіздер
Күннің екінші жартысы өз мүмкіндіктеріңізді талдап-таразылайсыз. Жаңа таныстар немесе дәл қазіргі жағдайыңыз болашағыңызға әсер етеді. Сіз дәл қазіргі сәтте өзіңізге махаббат пен рухани ізденіс маңыздырақ деп табасыз.
Шаян
Жұмысқа жанашырлығыңыз бен біліктілігіңіз өз жемісін береді. Әріптестеріңіздің ақыл-кеңесіне жүгініңіз, олардың қолдауынан бас тартпаңыз. Сонда ғана қателіктерге бой алдырмайсыз.
Арыстан
Қызғаншақ болмаңыз. Барлығын жақсы жағынан ойлауға тырысыңыз. Өзіңіздің қатеңізді өзгелерге жабуға тырыспаңыз. Жеке өміріңізге біраз өзгерістер әкелетін жаңалық естейсіз.
Бикеш
Қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз. Материалдық жағдайыңыз туралы серіктесіңізбен отырып ақылдасыңыз. Басшылықпен қарым-қатынасыңызды жақсарта түсіңіз. Сонда ғана қызметте жоғарылайсыз.
Таразы
Лауазымды тұлғаның немесе достарыңыздың көмегіне жүгіну арқылы табысқа қадам жасайсыз. Кез келген іске білек сыбана кірісе беріңіз. Алайда әр ісіңізді әбден ой елегінен өткізіп алыңыз. Ашуға берілу, асығыстық бүкіл жоспарыңызды бұзады.
Сарышаян
Ақша жинауға, лауазымды тұлғадан көмек сұрауға өте қолайлы күн. Бүгін сіз өз болшағаңыздың іргетасын қалауыңыз мүмкін. Егер ашуға беріліп, кикілжің тудырар босаңыз өз болашағыңызға балта шабатыныңызды ұмытпаңыз.
Мерген
Бүгін сіз дұрыс, әрі нақты шешім қабылдайсыз. Алдағы күндерді аздап болжайтындығыңыз бар болса, бүгін ғарыштан «ақпарат» аласыз. Рухани іспен айналысатындар күш-қуатын тепе-теңдікте ұстап, қажетті құпия білімге ие болады.
Тауешкі
Отбасында да, жұмыста да сәтті күн. Ірі көлемдегі зат сатып алар болсаңыз жолыңыз болады. Тек алтын бұйымдарын алмағаныңыз жөн. Сіздерді бүгін қызықты жаңа таныстықтар күтіп тұр.
Суқұйғыш
Бүгін демалғаныңыз жөн. Не болмаса таза ауда жұмыс жасаңыз. Жақын достарыңызбен араңызда кикілжіңдер орын алады. Өзіңізге деген сенімділігіңіз олардың ашу-ызасына тиюі мүмкін.
Балықтар
Кез келген ісіңіз алға басады. Ер адамдар жеке өмірінде шиіленіскен мәселелерді шешкені жөн. Ал нәзікжандарды жаңа таныстықтар күтіп тұр. Сіз өз жұбыңызға көп талап қоймаңыз.