Есірткі заттарын жарнамалаған сайт бұғатталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Елімізде өткен жылдан бері нашаны емін-еркін саудалаған 4 жарым мыңнан астам сайт бұғатталған. Бірақ, соған қарамастан жастарды еліктіретін есірткі заттары әлеуметтік желілер арқылы кеңірек жарнамалануда.
Осы ретте, Қызылорда облыстық прокуратурасында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша құқық қорғау, арнайы органдардың және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобының нәтижесі талқыланды.
Қадағалау органының үйлестіруімен жұмыс тобы жастардың көп шоғырланатын жерлеріне рейдтер, оқушылар мен студеттер арасында түсіндірме жұмыстарын және ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес аталған жұмыстың нәтижесінде Қазақстан аумағында есірткі заттарының көптеген түрін («Sativa «Y», «Moroccan Caramello», «Afghan», «Blackberry Kush», «Jack Herer», «Green Crack», «Diamond OG», «AK-47» и «Sour Bubble») жарнамалап, оларды таратқан «Cannabis-kz.ml» сайты анықталған.
Бұл сайтта есірткі заттарын «Kiwi-кошелек» шотын толтыру арқылы сатып алуға болатын. Сонымен қатар, сайтта 950 мың теңге аралығындағы жалақысымен дилер және салушы жұмысы ұсынылған.
Облыстық прокуратураның ұсынуы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен аталған сайт бұғатталды.

Фариза ОМАРОВА