Үздік сценарий жазып үйренемін десеңіз
Роберт Маккидің “История на миллион долларов” атты кітабына рецензия
Аталмыш кітап жазушылар мен сценаристер үшін сөзсіз керемет туынды. Роберт Макки, менің ойымша, белгілі бір оқиғаның басталуы, оның негізгі бөлімі мен оқиғаның соңы, жалпы алғанда болашақ туындының композициялық құрылымының қалай жазылатындығы туралы нақты дәйектерге сүйене отырып, көзіқарақты оқырманға жеңіл әрі түсінікті тілде жеткізген, деп жазады Bugin.kz .
Кітап не туралы?
1.Ереже емес, принцип жайында;
2.Формула емес, әмбебап форма туралы;
3.Стереотип емес, архетип жайында;
4.Ең қысқа жолды іздеу емес, әрбір жолға аса мұқият болу керектігі туралы;
5.Жазушы шығармашылығының құпиясы емес, оның шынайы мүмкіндігі жайында;
6.Аудитория реакциясын алдын алу туралы емес, сценарий жасау өнерін меңгеру туралы;
7.Оқырман немесе көрермен санын көбейту емес, ең алдымен оларға деген құрмет пен сыластықты нығайту жайында;
8.Көшіру емес, түпнұсқа туралы.
Одан бөлек, автор жай ғана сценарий емес, дұрысында, тарих жазу деп түсіндіреді. Демек, жазушының әрбір жазған дүниесі келешек ұрпаққа қалатын асыл мұра. Роберт Маккидің ойынша, жақсы сценарий жазу роман жазудан да қиынырақ.Жазушының мүмкіндігі көп,оның әңгіме техникасына қатысты ешқандай шектеулері жоқ (егер ол өзі оларды орнатпаса). Бірақ сценарист өзіне артық сөздерді жазуға мүмкіндік бере алмайды; кейіпкерлердің репликалары қорқынышты монологтарға айналмауы керек, өйткені фильм – бұл театр қойылымы емес: фильмді тыңдамайды. Сценаристің міндеті - қуатты, қызықты әрі өткір туынды жасау. Басқаша айтқанда, сценарист тарихта қалатын болашақ фильм жасайды.
Жақсы сценарий жазу сіздің арманыңыз болса, онда кітапты міндетті түрде оқыңыз. Макки сіз үшін кинодраматурургиялық мәтіндерді жазу бойынша барлық қажетті теорияны және жазу техникасын жинады.Тіпті, алдын ала не жазарыңызды білмесеңіз де, аталмыш кітапты оқуды ұсынамын. Себебі, сізді бірден шабыттандыратынына сенімдімін. Бұрын сағаттың тек сыртын ғана көрсеңіз, ал Макки сағат механизмінің ішіне қарап, уақыттың қалай пайда болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни фильмнің қалай пайда болатынын түсінесіз. Сонымен қатар, кітап сізді әуесқой көрерменнен кәсіпқой көрерменге айналдырады.