Сотқа түскен істер азайған
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет мәлімдеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Сонымен қатар, бүгінгі брифингке Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және облыстық соттың судьясы Әділхады Шығамбаев, облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Шолпан Маликова қатысты.
Нақтырақ айтса, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы соттардың өндірісіне істердің түсу көрсеткіші 15,1 пайызға азайған. Сондай-ақ, 2018 жылы апелляциялық сот алқасына түскен істер саны да азайған. 2017 жылмен салыстырғанда 32 іске немесе 12,3 пайызға азайған.
"Қазіргі уақытта біздің ұстанымымыз, істердің сотқа түсу көрсеткішін азайту, сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін дамыту бағыты болғандықтан істердің түсу көрсеткішінің азайғаны құптарлық жағдай деп есептейміз. Сонымен қатар 1745 қылмыстық іс аяқталған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға азайған", - деді Б.Қалымбет.
Айта кету керек, бүгінде татуласуға көп мән берілуде. Әрбір төртінші іс татуласумен аяқталған. Яғни, медиация тәртібімен 421 қысқартылған.