Семей сынақ алаңында 10 мыңнан астам қызылордалық әскери борышын өтеді
Қызылордада Невада-Семей антиядролық қозғалысына 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде өткен «Ядролық қарусыз ғасыр» атты еске алу шарасына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, өңіріміздегі ардагерлерді марапаттады.
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Атом бомбаларының жарылыстарының зардабы өте ауыр болып, Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Семей сынақ алаңында 10 мыңнан астам жерлесіміз әскери борышын өтеді. Бұл кейінгі ұрпақ үшін ұмтылмас оқиғалардың бірі.
Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, аймақ өнерпаздары өнер көрсетті.