Әжімде сыр бар
Адамның бет-әлпетіне қарап мінез-құлқын, сыр-талғамын, көңіл-күйін, ең әрісі денсаулығын аңғаруға болады. Мысалы, беттегі әжім, сызықтарға қарап, ол адамның қай жері сырқаттанатыны, қандай ауруға бейім екендігін байқауға әбден болады, деп жазады oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
- Қабағыңыздың үстіндегі әжім жүрегіңізде ақау барлығын білдіреді. Дереу дәрігерге барып, жүрегіңізді тексертіңіз!
- Маңдайдағы әжім ой еңбегімен айналысатын адамда, болмаса, қатты күйзелістен оңала алмай, үнемі іштей өзін-өзі жегідей жеп жүретін адамда болады.
- Кеңсіріктегі әжім ылғи қапаланып, өмірге ырза болмай жүретін адамда кездеседі. Сондай-ақ қуық, зәр жолдарында кесел бар дегенді білдіреді.
- Бет ұшы мен танау арасындағы сызық әйелдерде жатырының, еркектерде бүйрегінің төмен түскенін білдіреді.
- Тамағыңыздағы сызықтар тері астында, тіндерде ақау барлығын білдіреді.
- Сол жақ езудегі әжім асқазан ауруларының белгісі.
- Ерін мен иек арасындағы әжім іш қату, бауыр ауруынан хабар береді.
- Оң жақ езудегі сызық – ас қорыту мүшесінің әлсіздігі.
- Еріннің үстіндегі әжім ащы ішек, тоқ ішектің дұрыс жұмыс істемеуінен.
- Бүйрегінде ақауы бар адамдардың көзінің астында әжімдер пайда болады.
- Көз бұрышындағы әжімдер өт жолдарының ауыратындығын білдіреді.