Қызылорда облысы әкімдігінде «Адалдық дүкені» ашылды
Қызылорда облысындағы мемлекеттік мекемелердің арасында алғашқы болып облыс әкімдігі ғимаратында «Адалдық дүкені» ашылып, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Дүкеннің ашылу мақсаты – азаматтар арасында адал еңбек етуді насихаттау, олардың бойында адалдық құндылықтарын арттыру.
«Адалдық дүкендер жүйесі дамыған озық мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Жалпы дүкендер қызметі - қоғамдық сананы өзгертуге, қызметкердің жұмысы мен оның қызметін шыншылдық негізінде қалыптастыруға және жалпы адалдыққа шақыруға бағытталған», – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары.