1 наурыз:Атаулы күндер мен оқиғалар
1955 жылы Тайыр Жароковтың (1908-1965) «Қырда туған құрыш» атты дастаны жарық көрді. Дастанда өздерінің табыстарын мақтан ететін болат қорытушылардың айтулы еңбектерімен қатар соғыс тақырыбы да қозғалған.
1972 жылы Қазақстандағы ең ірі көпсалалы университтердің бірі - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстанның тұңғыш Президенті Ассамблеяның төрағасы болып табылады және оның қызметінің негізгі бағыттарын анықтап, бекітеді, сонымен қатар сессиясын шақырады. Ассамблея құрамы мемлекеттік органдардың, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен сонымен қатар қоғамдық-саяси белсенді тұлғалардан тұрады. Ассамблеяның 350 мүшесі бар. Жалпы Қазақстанда 130-ға жуық этнос мекендейді.
1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің резиденциясында қазақтың тұңғыщ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке Алтын Жұлдыз бен «Халық Қаhарманы» атағын беру туралы куәлікті табыстады. Осындай наградаларды сондай-ақ Т.Мұсабаев пен Ю.Маленченко алды, сонымен бірге оларға «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы берілді.
1999 жылы «Отан» Республикалық партиясы құрылды. 2006 жылғы желтоқсанның 22-сіндегі кезектен тыс X съезінде бірнеше партияның бірігуімен «Отан» партиясы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияға айналды.
1999 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Актюбинск қаласының атауы Ақтөбе болып өзгертілді.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жасады.
2016 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Алғыс күнінде» «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетіліміне барды.
«Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қиыншылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халқының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар.
Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.