1 наурызға арналған ауа райы болжамы
1 наурызда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23, күндіз екпіні 29 м/с жетеді.
Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.