Тілегіміз де, жүрегіміз де бір

Алты ай сержанттық мектепте оқып, жөндеу батальонында қызмет жасадым. Әскерден келгеннен кейін аудандық телекоммуникация торабына жұмысқа тұрдым. Облыс орталығында 3 айлық қысқа мерзімді курста оқып, электромонтер куәлігін алдым. Бүгінде туған жерімде еселі еңбек етіп жүргенімді мақтаныш етемін.
Түрі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір жандармыз. Қазақ халқы қонақжай, мейірбан халық. Осындай керемет халықты бүгінгі айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, алғыс айтамын. Бейбіт еліміз өсіп, өркендей берсін.
Сергей ЧЕНЫКАЕВ,
электромонтер