Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ iс
ҚР МҚІСЖҚА «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу төңірегіндегі сұрақтарына Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов жауап берді.
Интернет-конференция екі сағатқа созылған. Онлайн-конференция кезінде мыңға жуық адам қамтылып, 8 өтініш келіп түсті.
Конференция кезінде азаматтар тарапынан қойылған сұрақтардың барлығы қаралып, тиісті жауаптар берілді.
Келіп түскен сұрақтардың жауабымен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз. https://dialog.egov.kz/conference/647