Жалағаштық әйел ауылдасын «грантқа түсіремін» деп алдаған
Жалағаш ауданының тұрғыны 45 жастағы азаматша алаяқтық жолмен пайда тапқан, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Тергеу барысында күдікті қатарында азаматша өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған. Бұдан бөлек, тергеу барысында күдікті азаматшаның бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталды.
Күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп берді.
Сот үкімімен айыпталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.