Байқоңырда «Союз МС-12» ғарыш кемесінің экипажы ұшуға дайындықты бастады
Басқарылатын «Союз МС-12» ғарыш кемесінің Байқоңырға келген негізгі және қосалқы экипаждары бүгін ғарыш айлағындағы алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Алдағы екі аптада экипаждар Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының оқу-жаттығу кешенінде дайындалады. Ғарышкерлер күнде дене дайындығымен айналысып, медициналық тексерістен өтеді.
Бүгін ғарышкерлер ғарыш айлағындағы алғашқы жаттығуы кезінде ғарыш кемесіне барып, борт құжаттарымен танысты әрі борт жүйелері бойынша тестілер тапсырды.
«Союз МС-12» ғарыш кемесі орнатылған «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыранын Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылғы 14 наурыз күні ұшыру жоспарланған.

