«Құтты мекен» жобасы аясында тұрғындардың жағдайы жақсарады
«Нұр Отан» партиясының кезекті съезіне Қызылорда облысынан қатысушылардың бірімін. Аталған съезде 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарлама талқыланып, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл партияның 20 жылдық аясындағы басты шара екені анық.
Съезд барысында Елбасы көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын арттыруды тапсырды. «Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау шараларын күшейту керек. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға деген көмек барынша сезілуі шарт», – деді Елбасы.
Алдағы уақытта партия «Құтты мекен» жобасын іске асырады. Осы жоба арқылы 7,5 млн ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға мүмкіндік туады. «Ең алдымен үкімет әкімдермен және мәслихаттармен бірігіп, келешегі бар ауылдарды іріктеп, әлеуметтік нысандар мен интернаттар тұрғызу жұмыстарын жүргізуі қажет» – деді Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде.
Қазіргі таңда қоғамдық ұйым ел еңсесін көтеріп, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ұйытқы болуда. Партия мүшесі ретінде алда жүзеге асатын тың жобаларды толық қолдаймын. Келешекте жаңа бастамалар жүзеге асып, қолға алынған әрбір іс халық көңілінен шығады деп сенемін.
Талғат Тілес,
облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы.