Көп балалы аналардың мерейін үстем етті
«Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға минимал төлемді 21 мың теңге көлемінде бекітуді және де жыл сайын аталған отбасыларға қолдау көрсету үшін 500 миллиард теңгеден аса қаражат бөлуді тапсырды.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде көп балалы аналардың мерейі үстем болып, қуанышымыз еселеніп отыр. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы аналардың әркімнің босағасын жағаламау үшін жақсы бастама.
Елбасының бүгінгі жасаған мәлімдемесі еліміздегі барлық көп балалы аналар үшін үлкен қолдау болды. Біздің жағдайымызды түсініп, оң шешім қабылдағанына Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз!
Анаркүл ИПАТУРОВА
Көпбалалы ана, "Алтын алқа" иегері