Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 27 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жұмысқа және қаржылық жағдайға байланысты жағымды жаңалық болады. Бүгін айлық жалақыңыз өседі немесе тосыннан мол қаражатқа ие боласыз. Жұмыстың көптігінен жақындарыңызбен әңгімелесуге де уақытыңыз болмайды. Отбасындағы жағдай сіз ойлағаннан да қиынырақ. Кейде туыстарыңыздың сізге деген талабы жоғары болмақ.
Торпақ
Жұмысқа немесе оқуға қатысты маңызды жоспарларды жүзеге асыра аласыз. Бүгін өзіңіздің жеке кәсібіңізге қатысты жаңа идеялар пайда болады. Осы күні сізді тосынсый, сыйлықтар күтіп тұр. Сондай-ақ қызықты іс-шараға шақырту аласыз. Алыс жолға шықпағаныңыз дұрыс.
Егіздер
Кез келген істе жетістікке жете аласыз. Тек тәуекел ете біліңіз. Ойланбай қабылдаған шешімнің өзі жұмыстың алға басуына көмектеседі. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалардың өзін жақсы нәтижемен аяқтайсыз. Отбасылық мәселелерді шешуге және жақын адамдарыңызбен келісімге келуге қолайлы күн.
Шаян
Бүгін жұлдыздар сіздің жақта, сондықтан бұл сәтті пайдаланып қалыңыз. Жұмысқа ден қойыңыз, сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Жобаларыңызға бұрынғы серіктестеріңізді тартыңыз, олардың көмегі тиетін болады. Жан-дүниеңіздің тепе-теңдігін сақтай біліңіз. Көбіне ақылға жүгінесіз, бірақ эмоцияға да берілетін кездеріңіз болады.
Арыстан
Қиын тапсырмалардың өзін оңай шеше аласыз. Осылайша біраз қарсыластарыңызды басып озасыз. Сіздің іскерлігіңізге күмін келтіретіндер болады. Жолға шығуға қатысты көптен бергі жоспарларыңызды жүзеге асыра аласыз. Жолда жаңа таныстықтар орын алып, ол адам сіздің өміріңізде маңызды рөл ойнауы мүмкін.
Бикеш
Кейінге қалдыруға болмайтын жағымсыз істерді біржақты етіңіз. Сізге көп еңбектену қажет. Жан-жағыңыздан көмек күтпеңіз. Бұл бір жағынан сіздің іске ден қоюыңызға өз септігін тигізеді. Эмоцияға берілгіш жандармен тіл табысу қиынға соғады. Бірақ мұқият болсаңыз олардың да жүрегіне жол табуға болады. Көптен бері ұрысысып жүрген жанмен татуласасыз.
Таразы
Жұмысыңыз жемісті болады. Мақсатқа жету үшін бар күшіңізді саласыз. Ұсақ-түйек мәселелерге мән бермегеніңіз жөн. Олар өздігімен шешілетін болады. Өзгелердің қолынан келмеген істі тындырып, барлығын таңқалдыратын боласыз. Жаңа тыныстықтар күтіп тұр. Жаңа таныстарыңыздың бірі сізге бір көргеннен ғашық болып қалуы мүмкін.
Сарышаян
Сізді сыртыңыздан әңгіме қылатындар көп. Жақындарыңызбен кикілжіңдер туындауы мүмкін. Қаржылық мәселелерді шешемін деп ойласаңыз, қателесесіз. Болмашыға бола көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Бұлай болмағанын қаласаңыз, ойыңызды бөліп, экскурсия немесе жолға шығыңыз.
Мерген
Жаныңыздағылар сақ болғаныңызды ескертеді. Алайда мұндай кеңеске көңіл бөлмегеніңіз дұрыс. Ішкі түйсігіңіз қай уақытта тәуекел ету керектігінен белгі береді. Өзіңізге ұнайтын ескі таныстарыңызға хабарласып қойыңыз. Өміріңізді өзгертетін оқиғалар орын алуы мүмкін.
Тауешкі
Айналаңыздағыларға ұнайсыз. Олар сіздің сырт келбетіңізге тамсана қарайтын болады. Бүгін қаржылық мәселелермен айналыспағаныңыз дұрыс. Көп қателікке бой алдырып алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ қажеті жоқ заттар алып, ақшаңызды босқа шашуыңыз мүмкін. Сондықтан қаржы мәселесін шешуді кейінге қалдырыңыз.
Суқұйғыш
Бүгін өзімшілдік танытуыңыз мүмкін. Бірақ бұл мәнезіңіз өзіңізге жарасымды. Ол үшін сізге ешкім ренжімейді. Жақындарыңыздың қызығушылығы мен армандарына немқұрайлы қарамаңыз. Оның үстіне сізге өзгелерді қуанту ұнайды. Жоспарланбаған, ірі көлемдегі затты сатып алуда жолыңыз болады. Көптен бері туыстарыңызды ойландырып жүрген мәселені сіз шешетін боласыз.
Балықтар
Жалғыз өзіңіз бітіруге тиіс жұмыстар көп. Бүгінгі күн ішпыстырарлықтай болуы мүмкін. Алайда жұмыстан қолыңыз босамай, күннің соңы жемісті болады. Көп жоспарларыңыз жүзеге аспауы мүмкін. Күтпеген жайттар алдымен жүйкеңізге тиеді, сонан соң оны өз пайдаңызға қалай жаратуға болатынын түсінесіз. Кешке қарай бітірген шаруаларыңызға бір марқайып, өз жетістігіңізбен мақтанасыз. Айналаңыздағылармен оңай тіл табысасыз.