27 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар
2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы құрылды.
2007 жылы Алматыда Литваның құрметті консулдығы ашылды. Екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынасы 18 жыл бойы жалғасып келеді.
2008 жылы Алматыда ұстаздардың құқығы мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестік құрылды. Ұстаздар мен билік арасында көпір болу міндетін атқаратын бірлестіктің ұстанған мақсаты - мұғалімдерге құқықтық жағынан кеңес беріп, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету.
2009 жылы Алматыда үйлерді жалға беру жобасы таныстырылды. Бұндағы мақсат Астана мен Алматы қалаларындағы тұрғын үй нарығын тұрақтандыру. Қор бірінші бағыт бойынша екінші деңгейлі банктердің қатысуымен Алматы мен Астанадағы тұрғын үйлердің құрылысының аяқталуын қамтамасыз етіп, тұрғындарға сатып алу мақсатымен жалға береді.
2010 жылы Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Алматының «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының еліміздегі кәсіподақ ұйымдары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп дайындаған «Әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты келісім» атты кітабының тұсауы кесілді.
2012 жылы америкалық Ив Суссман кинематографияда жаңа жанрды ойлап тауып, өзінің идеясын Қазақстан туралы фильм түсіру арқылы іске асырды. Бұл картинаны екі мәрте көру мүмкін емес. Себебі, фильмді көрермендер үшін қойған сайын компьютер кадрларды ауқымды база ішінен кездейсоқ ретпен құрастырып, бірегей жаңа лентаны жинайды. Картина Қазақстанда жазылған 3 мың клиптен, 80 аудио жазбадан және 150 музыкалық үзіндіден тұрады. «Whiteonwhite: algorithmicnoir» лентасын Қазақстан жайында жасалған ең ерекше картиналар санатына жатқызуға болады.
2013 жылы Қазақстан Басқару комитетінің отырысына Еуразиялық бәсекелестікке қабілеттілік бағдарламасының Орталық-Азиялық бастамасының тең төрағасы дәрежесінде тұңғыш рет қатысты.
Аймақтағы жеті ел (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Моңғолия) кіретін бағдарлама аймақтың экономикалық дамуына септесуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
2013 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ҚР-дағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрис Маклаковспен кездесуі өтті.
2014 жылы Қазақстан ғалымдары Elsevier мәліметтер қорына қол жеткізді. Бұл туралы келісімге Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы мен Elsevier компаниясы Алматыда қол қойды.
Енді еліміздің ғалымдары халықаралық ғылыми жорналдарға өз еңбектерін жариялап, мәліметтер базасындағы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Elsevier жылына шамамен 250 мың мақаладан тұратын 2,5 мыңнан астам ғылыми журнал шығарады. Басылым мұрағатында шамамен жеті миллион жарияланым бар.
2014 жылы Қазақстанда 2014 жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Тиісті Жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
2015 жылы Мәскеу орталығында ресейлік саясаткер және мемлекеттік қайраткері, ресейлік оппозицияның Үйлестіру кеңесінің мүшесі Борис Немцовке қарулы шабуыл жасалып, төрт жерінен оқ тиген саясаткер қаза тапты.