ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ СОТҚА ТАЛАП АРЫЗ БЕРУГЕ МҮМКІНДІГІҢІЗ БАР
Еліміздің сот жүйесі жылдан-жылға жаңа бағдарламаларды, ақпараттық технологияларды тәжірибеге енгізіп келеді.
Атап айтқанда, облыс соттарында кеңінен енгізіліп жатқан «Сот кабинеті» арқылы сотқа 2014 жылы 1130 электронды түрде құжат қабылданды.
Қызылорда облыстық сотында 2014 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында облыстық сот кеңсе басшысының орынбасары Е.Боранбаев «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі туралы БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.
Сұқбат барысында ҚР Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бастамасымен жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа қолжетімді болу мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін қолдану үшін арнайы орындар ашылғаны жөнінде айтылды. Яғни, енді сотқа электронды түрдегі өтініш, талап – арыздарды жолдауға болады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі