Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды
Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Ауыл шаруашылығы министрi қызметін атқарған.
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.
• Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.
• ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;
• 1991—1993 жылдары Президент әкімшілігі мен министрлер кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
• 1993—1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.
• 1995 жылдан бастап — ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері қызметтерін атқарған.
• 1997 жылдың қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін — «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;
• 1998 жылдың сәуірі мен тамызы аралығында — ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды.
• 1998 жылдың тамызынан — Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған.
• 2004 жылдың наурызынан Астана қаласының әкімі қызметін атқарған
• 2006 жылдың қыркүйегінен — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
• 2007 жылдың тамызынан — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары
• 2009 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары
• 2011 жылдың 26 желтоқсанынан— “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ басқарма төрағасы.