«ЖАСТАР – ОТАНҒА!» ЕРІКТІЛЕР ЖАСАҚТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРДЫ
Кеше еліміздің барлық аймақтарында «Жастар – Отанға!» еріктілер жасағының жұмысы бастау алды. Бұл туралы «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов жастардың ҰОС ардагерімен Қызылорда облысында өткізілген кездесуінде жариялаған болатын.
Шара барысында Нұрлан Сыдықов ардагерді келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасының аясында «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері тарапынан ҰОС, еңбек және жалғыз басты ардагерлерге тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді. Жастар ардагерлердің өмірімен танысып, соғыс жылдарындағы өнегілі әңгімелерін тыңдады.
Осы орайда, кеше еріктілер Ұлы Отан соғысының ардагері Нұралиев Жұбандықтың үйіне көмек көрсету мақсатында барып қайтты. Жұбандық Қожабергенұлы 1924 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Сталинград қаласын, сонымен қатар Украина, Белоруссия және Польша елдерін азат ету майданында болған.
Айта кетейік, 2014 жылы «Еріктілер мектебі» жобасының аясында барлық аймақ бойынша 700-ден аса ардагерге атаулы көмек көрсетті, - делінген «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының хабарламасында.
Фариза ОМАРОВА