ҚАРУДЫ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ТАПСЫРУҒА ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛМАҚ
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ату мүмкіндігі бар ұңғысыз, газды атыс қаруын ерікті түрде өтемді тапсырудан жалтарған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 200-V Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында травматикалық және газды патронмен жарақат салатын ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардан қаруды ерікті өтемді түрде тапсыру акциясы 2015 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап желтоқсан айының 31-не дейін жүргізіледі.
Аталған акция қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы №1145 қаулысымен бекітілді.
Травматикалық қаруды ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыру осы мақсатқа көзделген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 12 343 000 теңге бөлінген.
Акция басталған уақыттан бері тұрғындардан әр түрлі үлгідегі 35 дана жарақат салатын патрондарымен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қарулары тапсырылды.
Қазіргі таңда, қабылданған атыс қаруларға тиісті сараптамалар тағайындалып, комиссия мүшелерімен қорытынды шығарылуда. Қаруды тапсырған жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1145 қаулысының қағидасына сәйкес, 1-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 90%-ы есебінен, 2-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 70 %-ы есебінен, ал 3-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 50 %-ы есебінен қаражат төленеді.
2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, республика аумағында өткізіліп жатқан акцияға өз үлестеріңізді қосады деген сенім білдіреміз!
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі